Ғалымдар денге безгегіне қарсы күрес тәсілін тапты

Ең қызығы, бұған осы вирусты тарататын масалар тоқтатылуына да көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Масаларға Вольбахия бактериялары қолдан жұқтырылады. Бұл бактерия Денге сияқты вирустардың таралуын тоқтатады. Табиғи жағдайда Вольбахия маса, шыбын, көбелек пен инелік сияқты жәндіктердің 60 пайызында кездеседі. Ал безгекті тарататындарында болмайды.

Вольбахия — жасуша ішінде кездесетін бактерия. Оны жұқтырған маса вирусты әрі қарай тарата алмай қалады. Сондай-ақ "Зика" және "Чикунгунья" вирустарының да жолы кесіледі. Осылайша біз адамдарды қауіпті аурулардан қорғаймыз, - дейді зерттеуші Бетина Дуровни.

Бактерия масалар үшін вакцина іспетті. Сонымен қатар, бактерия жәндіктерге ұрық арқылы беріліп отырады. Осылайша кейінгі туған масалар безгек таратпайтын буынға айналады.

Алғашқы сынақтар Австралияда жасалды. Онда масалардың мінез-құлқында және қоршаған ортада ешқандай өзгеріс байқалмады. Әрине, біз бұл үдерісті әлі бірнеше жыл бақылаймыз, - дейді зерттеуші Бетина Дуровни.

Бактерия жұқтырылған масалар 12 елде сәтті таратылды. Бұл денге безгегінің таралу деңгейін 77 пайызға азайтуға сеп болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұл ауруды әлемде жылына 400 миллион адам жұқтырады. Ал одан 40 мыңнан 70 мыңға дейіні ажал құшады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы