COVID-19-ды бейтараптандыруға қабілетті антиденелер қоспасы жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зерттеушілер бұл өнім коронавирус емдеу жолында жаппай сипатқа ие болуы мүмкін екенін айтады деп жазды Guardian.

Халықаралық ғалымдар тобы өздері жасаған жаңа антиденелер қоспасы SARS-CoV-2-ге қарсы "өте күшті" препарат болуы мүмкін және болашақта COVID-19 инфекциясын жеңуі мүмкін деп мәлімдейді. 

Антиденелер коронавирустың ең ауыр түрімен ауруханаға жатқызылған емделушілерден алынып, вируспен күресу немесе оның таралуының алдын алуға арналған тәжірибелерге қатысуға келіскен еріктілердің қанына құйылған. Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғалымдары бойында COVID-19 инфекциясы бар 40 пациентті антиденелер скринингінен өткізген және коронавирусты тиімді жоюға қабілетті антиденелер қоспасының түрін анықтады. Олардың тоғызында инфекция қоздырғышын бейтараптандыруға қауқарлы күшті иммундық жауап байқалды.

Сонымен қатар, атжалманға жүргізілген эксперименттер ең күшті антиденелердің бірінің инфузиясы жануарларды аурудан қорғағанын көрсетті. 

Бұл қоспа атжалмандардың біз емдеп жатқан өкпе тініндегі жұқпалы вирусты толығымен жойды. Біз жаппай өндіруге болатын және кейін адамдарға жаппай қолдануға мүмкіндік беретін өте күшті антиденелерді әдейі жеке бөлдік, - дейді Колумбия университетінің профессоры Дэвид Хо. 

Сарапшының айтуынша, мамандар жақын арада инфекцияның ерте кезеңдерінде, әсіресе, жұқтыру қаупі бар адамдар арасында, бірінші кезекте, қарт адамдар мен семіздік, гипертония, диабет, демікпе және т.б. сияқты қосалқы аурулары бар адамдар арасында ем жүргізуге ниетті.

Антиденелер - ағзаны вирустық инфекциялардан қорғайтын негізгі желілердің бірі. Вирус жасушаларға еніп, көбейген кезде, иммундық жүйе инфекцияны танып-білуді үйренеді және микробты дезактивациялау үшін антиденелерді дайындап шығарады. Антиденелер вирустардан тұратын ақуыздарға ілініп, түрлі бағыттан инфекцияға қарсы шабуыл жасайды. 

Хоның айтуынша, антиденелердің бір реттік дозасы пациентке 50 долларға түседі. Егер зерттеу антиденелерді өзге пациентке құюдың қауіпсіз екенін көрсетсе, сынақтар келесі жылдың басында жаппай жалғастырылуы мүмкін. Антиденелер үш-алты ай бойы қанда сақталатындай етіп жасалуы мүмкін. Антиденелердің құрамы әртүрлі болғаны соншалықты, зерттеушілердің пікірінше, коронавирустың мутацияланған нұсқалары олардан "қашып құтыла алмайды".

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы