Ғалымдар COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторы - адамның қоршаған ортаға шығаратын вирусының мөлшері. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды.
Қазіргі кезде қоғам үшін ең қауіпті адамдар - бұл вирустың ағзаларында белсенді түрде көбеюіне, сондай-ақ індеттен сауығып шыққанына қарамастан бетперде тақпайтын адамдар, - дейді ресейлік ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары Николай Дурманов пен Александр Карабиненко.
Ғалымдардың пікірінше, коронавирус жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Негізгі қорғаныс - барлық адамдармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау: бетперде, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери сүңгуірлер шеберліктерін шыңдады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы