Ғалымдар бүйрек обырын емдейтін дәрі ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар бүйрек обырын хирургиялық емдеу нәтижесін арттыратын дәрі ойлап тапты.
Олардың айтуынша, препарат дәрігерлерге дені сау тін мен жалпы организмге зиян келтірместен, ағзаның зақымдалған бөлігін ғана алып тастауға мүмкіндік береді, деп жазды РИА Новости.
Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің мамандары несеп-жыныс жүйесінің онкологиялық патологияға шалдығуы күн санап артып келеді деп отыр. Дерт ертерек анықталған жағдайда ең оңтайлы шешім бүйрек резекциясы, яғни ағзаның зақымдалған бөлігін ғана алып тастау болып табылатын көрінеді. Ондай операциялар ерекше ишемиялық талаптарға, яғни қанайналымды жасанды төмендетуді талап етеді. Әдетте ол үшін бүйрек артериясына арнайы қысқыш салынады. Алайда мұндай әдістің қауіптілігі – қан қысымын арттырып, тромб түзілу қатерін тудыруы мүмкін.
Сол үшін бірнеше жыл бойы жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде хирургтарға көмекке келетін дәрі ойлап табылды. Оның бір ерекшелігі – эритропоэздің, яғни жанама әсерлер тудыруы мүмкін жаңа қызыл қанды денешіктердің түзілуіне әкелмейді.
Қазіргі таңда ғылыми ұжым жаңа препаратты клиникалық сынақтарға дайындап жатқандарын алға тартты.