Ғалымдар алдағы референдумның маңыздылығын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері  Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазановамен кездесті. 

Кездесуге қатысушылар алдағы референдумның маңыздылығы мен конституциялық реформаларды талқылады.
 

Жаңа Қазақстанның бейнесі бірінші кезекте білім беру жүйесінде қалыптасады. Саяси жүйені өзгертпей, экономикалық және әлеуметтік процестер мүмкін емес. Бізде билікті орталықсыздандыру жүзеге асырылады. Президенттің өкілеттігі қысқаруда. Саяси қозғалыстар құру мүмкіндігі кеңеюде, - деп атап өтті депутат.
 

Кездесу барысында Конституциядағы өзгерістерге қатысты филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Рахымжан Тұрысбек өз пікірін білдірді.

Ұсынылып отырған реформаларда жаңа Қазақстан бағытында эволюция байқалады. Біз жаңа қоғамға қадам жасаймыз. Жаңа мақсаттар мен ұлттық құндылықтарға жол ашылуда. Мемлекет тағдыры-ұлт тағдыры. Парламенттің рөлі артады, халықтың дауысы алда болады, - деді ғалым.


 ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айгүл Біжкенова Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістер бұрыннан пісіп-жетілгенін атап өтті. 

Референдумға еліміздің негізгі Заңына өзгерістер енгізуге қатысты өте маңызды мәселелер шығарылды. Олар еліміздің әрбір азаматына талқылауға ұсынылды. Референдум-бұл мемлекет өз халқынан біздің Қазақстанымыздың дамуға ниетті мемлекеттер қатарына көтерілуі үшін жасалатын өзгерістердің қаншалықты маңызды екенін сұрайтын саяси оқиға, - деп толықтырды профессор.
 

Кездесу қорытындысы бойынша Лаззат Рамазанова оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы