Ғалымдар 1 миллион өсімдіктің цифрлық галереясын жасап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа әдісті Австралиядағы Ғылыми және өнеркәсіптік зерттеу ұйымы қолға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғашқы галерея 9 айдың ішінде дайын болуға тиіс. Мамандар жүз мегапиксельді камераның көмегімен өсімдіктің ең ұсақ бөлшегін үлкейтіп түсіреді. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны толық зерттеуге мүмкіндік береді. Суреттер ортақ базаға жүктеліп, өзге ғалымдарға да қолжетімді болады.
Түрлі жапырақтардың, жеміс-жидек пен тұқымдардың цифрлық нұсқасы жасалып жатыр. Бұл база болашақта мамандар үшін таптырмас ресурсқа айналары сөзсіз, - дейді зерттеуші Абделуахит Хамис.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы