Ғалым Шойкин жаңа қызметке тағайындалды
Ғалым Шойкин Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1977 жылы Ақмола облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы комбайнердің көмекшісі болып бастады, өндіріс кооперативінің тракторшы-машинисі болды.
2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты бөлімінде бас маман, Ақпараттық-талдау бөлімінде басшы қызметтерін атқарды.
2004-2009 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі.
2009-2012 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012-2014 жылдары — ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2017 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.
2017-2019 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2019 жылы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары — ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры, Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары.
2021 жылғы наурыздан қазіргі уақытқа дейін ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарды.