Ғалым рак пен инсульт қаупін төмендететін сусынды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көк шай көптеген аурудың, соның ішінде инсульт пен обырдың кейбір түрінің алдын алуға септеседі.

Бұл туралы argumenti.ru хабарлады.

Жапониялық зерттеуші, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Еити Фукусима Nihon Keizai басылымына сұхбат берген. Оның сөзінше, соңғы жылдары осы сусынға арналған эпидемиологиялық зерттеулер саны ұлғайған.

Еити Фукусиманың айтуынша, 2021 жылғы метаанализ көк шайды тұтыну бірқатар аурудың туындау қаупін азайтады. Соның ішінде онкологиялық аурулардың кейбір түрін, мысалы эндометрий, өкпе обыры. Бұдан бөлек аталған сусын жүрек-қантамыр аурулары және инсульт қаупін азайтуға қауқарлы.

Фукусима бұл процестер көк шайдың құрамында болатын катехиндердің арқасында болатынын айтты.

Көк шайдың құрамындағы полифенолдарды шай катехиндері деп атайды. Олар антиоксиданттық қасиетке ие, - деді маман.

Сонымен қатар ол шай катехиндері майдың ыдырауына қатысатын ферменттердің белсенділігін арттыратынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы