13 Қараша 2026, 21:50 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ғалия Тынбаева Хорватиядағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз финалда 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Ассунта Скуттомен кездесті.

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Ассунта Скуттомен кездесті. Ақтық белдесуде қарсыласы басым түсіп, Ғалия Тынбаева турнирді екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Австрия өкілі Жаклин Спрингерден басым түскен болатын.