Ғалия Тынбаева Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

48 келі салмақта сынға түскен Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесіп, қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Ғалия әлемдік турнирдің күмісіне қол жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы