Ғалия Балтабаева: Сұқбат беріп отырған қарияның сөзі сүйегімнен өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай белгілі журналист, Қазақ радиосының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болған журналист Ғалия Балтабаймен әңгімелескен едік.
- Ғалия апай, журналистік жолыңыз университетті бітірмей жатып басталған секілді. Радиоға келуге ұстаздарыңыз кеңес берді ме, әлде қандай да бір мұқтаждық болды ма?
- 1966 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы университеттің журналаистика факультетіне сырттай оқуға түскеннен кейін туған ауылыма қайттым. Ойым – өзім оқыған мектепке барып, біраз жыл қызмет істеу. Елге келсем, неміс тілінің мұғалімі Əлима Жолдыбаева кішкентайлы болып, демалысқа шыққалы жатыр екен. Ол кісі қуанып кетті, «келгенің жақсы болды. Сен менің қызметімді алып кетесің, қолымнан келгенше көмегімді аямаймын» дейді.
Ауылдағы өзім оқыған мектепте екі тоқсандай дəріс бердім. Содан қысқы сессияға Алматыға оқуға шақырды. 40 күн сессия, барарда Павлодарда тұратын курстасым Рашида Байсуфинаға соғып, Алматыға самолетпен ұшып келдік. Сессиямызды өте жақсы тапсырдық. Содан, Рашида екеуіміз біржола Алматыда қалатын болдық...