«Ғаламат 30 жыл»: Отбасылық телеарна 30 жылдығын атап өтеді

Отбасылық телеарна жаңа мерейтойлық маусымның тұсаукесерін өткізді. Бүгін компанияның жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы 31 арнаның бас директоры Құрманбек Жұмағали айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«31» алғаш рет эфирге 1993 жылы шықты. Телеарна құрылған күннен бастап елде және әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды қалт жібермей, «үзіліссіз» хабар таратып келеді. Отыз жыл ішінде 31 арна отандық журналистикада мықты кадрлар дайындаған үздік ұстаханалардың біріне айналды. Әр жылдары қызмет еткен және жұмысын жалғастырып келе жатқан мамандар көрермендерге эксклюзивті жобалар мен тәуелсіз зерттеулер, бірегей контент ұсынып келеді. 

 Телеарнаның мерейтойлық жылы ауқымды нәтижелерді қорытындылауға, идеологиялық құндылықтарды қалыптастыруда қоғамдағы орны мен үлесін түсінуге тамаша мүмкіндік береді. Негізгі отбасылық арна болғандықтан, бізде балалар үшін де, ересектер үшін де мазмұнды контент қамтылған. Жаңа маусымда мерейтойға орай бірегей жобаларымызды ұсынамыз. Алға қойған биік мақсаттарымыз бар. Ең негізгісі  – еліміздегі үздік үш телеарна қатарында болу, –  деді 31 арнаның бас директоры Құрманбек Жұмағали.

31 арнаның Бас директоры телеарнаның мерейтойлық бағдарламасымен таныстырды. Эфирге бірнеше жаңа сериал мен кино, ойын-сауық бағдарламасы шығады. 

Отыз бірінші арнаның 30 жылдық мерейтойға орай көрермендеріне дайындаған бағалы сыйлықтары да бар. Эфирде үш жаңа автокөлік, тұрмыстық техникалар мен гаджеттер ұтыс ойыны ретінде ойнтылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: media 31
Өзгелердің жаңалығы