Гаитидегі жарылыс құрбандарының саны 60-қа жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаитиде жанармай таситын көлік жарылысынан көз жұмғандар саны 60 адамға жетті.
Тағы 47 тұрғын ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың көбі ауыр халде дейді. Сондай-ақ жақын маңдағы 20-ға жуық ғимаратқа зақым келген. Мамандар қирандылар астында адамдар қалуы мүмкін деп іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күн қаралы деп жарияланды. Негізі жүк көлігі жолда аударылған, осыдан кейін тұрғындар тегін жанармайды құйып алып, таси бастағанда жарылыс болған.
Түнде оқиға болған бетте, өрт сөндірушілер мен полицияны жібердік. Бірақ өкінішке қарай, жарылыстан көп адам ажал құшты. Негізі өрт тез арада сөндірілді, әйтпегенде құрбандар қатары бұдан да көп болар еді, - деді Кап-Аитьене мэрі Ивроз Пьер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы