Гаитиде нөсер жауыннан 13 адам қаза болды

Гаитидің солтүстігінде нөсер жауын жауып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, алдағы күндері елде тағы да қатты нөсер жауады деп күтілуде.

Ұлттық метеорологиялық қызмет тұрғындарға ескерту жасады.

Егер сіз өзеннің жағасында немесе таудың етегінде тұрсаңыз, дереу көшіңіз, - делінген азаматтық қорғаныс органы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ метеорологиялық қызмет бүкіл ел аумағына «жиі әрі күшті» найзағай мен нөсер жауын қаупі төніп тұрғанын айтты.

Солтүстікте орналасқан Кап-Аитьен қаласының маңында сел жүріп, салдарынан бірнеше үй құлап, 12 адам қайтыс болған.

Екі мыңнан астам үй судың астында қалып, кәріз суға толды.

Солтүстік өңір Гаитидің шаруашылық аймағы болып саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы