Гаити мемлекетінде эпидахуал нашарлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаити мемлекетінде эпидемиологиялық ахуал ушығып кетті. Ауруханаларда бос орын қалмады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

11 жарым миллионнан аса тұрғыны бар елде әлі күнге дейін вакциналау басталған жоқ. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналатын Гаитидің препараттар сатып алуға мүмкіндігі жоқ. 

«Ковакс» бағдарламасы бойынша осындай елдер вакцинамен тегін қамтамасыз етіледі. Алайда оны қабылдап, сақтайтын орын да жоқ. Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының өкілдері инфрақұрылымы дайын болғаннан кейін Гаитиге вакцина шілде айында жеткізілетінін мәлімдеді.

Гаити «Ковакс» бағдарламасына мүше бола тұрып, Солтүстік пен Оңтүстік Америка аумағында вакциналауды бастамаған жалғыз мемлекет. Бұл елдегі күрделі жағдай мен препаратты қабылдау бойынша туындаған көптеген мәселелерге байланысты болып отыр, – деді Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының көмекшісі Ярбас Барбоса.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы