Гаджиев референдумдағы халық белсендігі туралы айтты

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД ПАА тобының үйлестірушісі  Сабир Гаджиев «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты.

ТМД ПАА 1994 жылдан бері Қазақстандағы сайлауды бақылап келеді. Бірақ референдумды бақылауды алғаш рет жүзеге асырып отырмыз. Біз бүгін ашылу сәтіне қатыстық. Сағат 7:00-ден бастап азаматтар белсенді түрде дауыс беруге қатысқанына куә болдық. Қазақстанмен бірге біз 13 елде бақылау жүргіземіз. Біздің жұмыс тобына саясаттанушы мен депуаттар кіреді. Қазір біздің өкілдер учаскелік комиссияларда бақылау жүргізіп жатыр. Нәтиже бойынша қорытынды шығарылады. Кейін жұртшылыққа жеткіземіз, - деді Гаджиев. 

СІМ-нің мәліметі бойынша аккредитациядан  8 халықаралық ұйым мен 11 шетелдік елден 153 байқаушы тіркелген. Оның ішінде 30 байқаушы ТМД-дан, 40 байқаушы ПАА-дан, 8 байқаушы ҰҚШҰ-дан, 17 байқаушы ШЫҰ-дан, 20 байқаушы Түркі тілдес елдердің ПАА-сынан, 3 байқаушы Азия мен Халықаралық тТүркі академиясынан, 28 байқаушы шетелдік елден келіп отыр.  

Айта кетейік,Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болып жатыр. Дауыс беру 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы