29 Тамыз 2026, 23:22
Фото: instagram.com/musrepov_teatry
Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы фестивальде екі жүлде иеленді
«Қаһар» – адам жанының арпалысы мен ішкі қайшылығын сахна тілімен бейнелейтін психологиялық моноспектакль.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен XII Colombo International Theatre Festival халықаралық фестивалінде екі жүлдеге ие болды.
Француз драматургі Жан Ануй шығармасының желісі бойынша режиссер Дина Жұмабаева қойған «Қаһар» моноспектаклі «Үздік спектакль» аталымында жеңіске жетті. Ал басты рөлді сомдаған Аида Жантілеуова «Үздік актриса» атанды.
«Қаһар» – адам жанының арпалысы мен ішкі қайшылығын сахна тілімен бейнелейтін психологиялық моноспектакль.
Халықаралық фестивальге Қазақстанмен қатар Канада, Үндістан, Дания, Польша, Италия, Сербия, Армения, АҚШ және Испанияның театр ұжымдары қатысты.