G7 елдері Ресейге үлкен қаупін төндіретін жоспарын жариялады
Канадада өткен “Үлкен жетілік” (G7) елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Украинадағы атысты тоқтату мәселесі талқыланды. Жиында Ресей соғыс қимылдарын тоқтатпаса, оған қосымша санкциялар енгізу мүмкіндігі қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз Ресейді Украинамен өзара келісім негізінде атысты тоқтатуға және оны толық сақтауға шақырдық. Егер Ресей бұған келіспесе, біз қосымша санкциялар енгізу, мұнай бағасын шектеу және Украинаға қосымша қолдау көрсету секілді шараларды қарастырамыз. Біз атысты тоқтату жағдайында сенімді нығайту шараларының маңыздылығын, соның ішінде әскери тұтқындар мен азаматтық тұлғаларды босату, сондай-ақ украиналық балаларды қайтару мәселесін көтердік”, – делінген G7 елдерінің бірлескен мәлімдемесінде.
Министрлер кездесуі 12-14 наурыз аралығында Канададағы Шарлевуа қаласында өтті. Оған Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ және Еуропалық Одақтың сыртқы істер өкілдері қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында тасқын су уақытша өткелді шайып кетті
Өзгелердің жаңалығы