G7 елдері Ресейге санкцияны күшейтетінін ескертті

G7 елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банк басшылары Ресейге қатысты қысымды арттыруға дайын екенін мәлімдеді. 22 мамырда Оттавада өткен кездесуден кейін жарияланған құжатта Украинада атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, санкцияларды қатаңдату жолдары зерттелетіні атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз атысты тоқтатуға бағытталған үздіксіз күш-жігерді құптаймыз. Егер оған қол жеткізілмесе, Ресейге қарсы қысымды барынша арттыру үшін барлық мүмкін әрекеттерді қарастырамыз, - делінген G7 елдерінің бірлескен мәлімдемесінде.

G7 мүшелері Украинаны қалпына келтіру үшін шетелдік инвестиция мен сақтандыру нарығының жұмысын қайта жандандыруға ниетті. Бұл — Киевке деген халықаралық сенімді күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар, 10-11 шілде күндері Римде Украинаға көмектесуге арналған халықаралық конференция өтетіні хабарланды.

Бұған дейін Politico басылымы АҚШ-тың G7 қорытынды мәлімдемесіне Киевті қолдауға қатысты қосымша тармақ енгізуге қарсы болғанын хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo / Andrew Medichini
Өзгелердің жаңалығы