G7 елдері Иранға қосымша санкция енгізуге дайын екенін жариялады
G7 елдерінің Сыртқы істер министрлері мен ЕО Жоғарғы өкілі Кая Каллас Ирандағы наразылық білдірушілерге қарсы "қатаң репрессияны" айыптап, қосымша шектеу шараларын енгізуге дайын екенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Мәлімдемеде Иран билігінің 2025 жылғы желтоқсанда басталған халық көтерілісін күшпен басу әрекеттері, қаза тапқандар мен ұсталғандар санына қатты алаңдаушылық білдірілген.
Ирандағы наразылықтар елдің 25 провинциясын қамтып, 60-тан астам қаланы қамтыды. Iran Human Rights құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, кем дегенде 3 428 адам қаза тауып, 10 мыңнан астам адам ұсталды.
15 қаңтарда Иран билігі әуе кеңістігін уақытша жауып, халықаралық рейстерді шектеуге мәжбүр болды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігін "өте қатал әрекеттермен" қорқытып, наразылық білдірушілерге жасалатын қысымды тоқтатуға шақырған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы