Гүлшара Әбдіқалықова «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Еңбек күні мерекесімен құттықтады.
Сіздерді «Еңбек күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасының 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесі биыл жетінші рет аталуда. Елбасы: «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – ұлттық құндылықтың негізі. Әрбір адам еңбек етіп, отбасының нәпақасын тапса, ол одан рухани ләззат алып, рахаттанады. Сондықтан да, мен барлығын кіші кезден бастап еңбек етуге шақырамын», - деген болатын. Еңбек адамы дегеніміз міндетті түрде диқан не шопан дегенді білдірмейді, кез келген салада өз кәсібін терең меңгерген еңбекқор адамды осылай атауға болады, - деп жазды ол.
Адал еңбек – қашанда құнды. Жанын сала еңбек етіп, табысын маңдай терімен тауып отырған адам әрдайым құрметке лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!» деп жазды. Кезінде дала төсін дүбірлеткен 102 Социалистік Еңбек Ерінің жолын Тәуелсіз Қазақстанның Еңбек Ерлері кәсіпкер Абзал Ералиев пен денсаулық саласының майталманы Юрий Пя жалғады, 10 еңбеккер ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді, - деді әкім.
Осы уақыт аралығында атадан балаға мирас етіп, бір кәсіптің ғасырлық ғұмырын жасаған тұтастай еңбек әулеттері облыс қана емес, республика көлемінде танылды, облыста 54 еңбек әулеті қалыптасты.
Еңбек әулеттерінің ішінде туған жеріне 800 жыл еңбегі сіңген отбасылар бар. Олардың ішінде темір жол саласында Байсағұловтар, Күрбеновтердің 744 жылдан, жалағаштық Бадрақовтардың 600 жылға жуық өтілі бар. Қармақшылық Жұматаевтар әулетінде 18 адам білім саласында жемісті еңбек етіп, жалпы еңбек өтілі 530, Бодықовтардың дәрігерлер әулеті 600, Жадиевтердің ұстаздар әулеті 812 жылды құрайды. Қадірлі жерлестер! Баршамызға ортақ «Еңбек күні» мерекесі тағы да құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, халқымызға ырыс-ынтымақ тілеймін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, ғұмыры баянды болсын!, - деп жазды Гүлшара Әбдіқалықова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайға тәуелділіктен арыламыз - Трамп
Өзгелердің жаңалығы