Футзалдан Қазақстан чемпионаты күзде басталады

Футзалдан 2024/2025 жылғы маусымдағы Қазақстан біріншілігі 12 қазан күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы тур Өзбекстанда өтетін әлеv чемпионатына байланысты жылдағы мерзімінен кеш басталғалы отыр.

Қазақстан футбол қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетовтің айтуынша, плей-офф сатысына 8 команда жолдама алады.

Ширек финал бір команданың екі жеңісіне дейін жалғасады. Жартылай финалда ол үш жеңіске дейін белгіленген. Ал, 3-орын үшін командалар екі жеңіске дейін бәсекеге түссе, финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.

«Семей» мен «Қайрат» арасындағы Суперкубок ойыны 19 ақпанда өтеді жоспарлануда. Бұл кездесудің өтетін орны әзірге анықталған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы