Футзалдан ел кубогінің иегері анықталды
Семейде футзалдан республикалық кубогі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірінші жартылай финалдық ойында «Аят» (Рудный) және «Рахмет» (Ақтөбе) командалары кездесті. Негізгі және қосымша уақытта командалар тең ойнаса, пенальтиде «Рахмет» командасының ойыншылары сәтті өнер көрсетті.
Қайрат (Алматы) және Ақтөбе командалары арасындағы екінші жартылай финалдық ойында ойын 2-1 есебімен қосымша уақытта «Қайрат» командасының жеңісімен аяқталды.
Финал «Рахмет» пен «Қайрат» командалары арасында өтті.
Бірінші болып "Рахметтен" Айсұлтан Жолдыбаев командасын алға шығарса, "Қайраттан" Біржан Оразов таразы басын теңестірді.
Екінші таймда алматылықтар Альберт Ақбалықов пен Кайо Сезар мергендігімен көзге түскенімен, ақтөбеліктер Азамат Арыстанов пен Әлішер Сәрсенбаев та қарап қалмады.
Сөйтіп негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды.
Бес минуттан қосымша екі таймда "Қайраттың" көшбасшысы Дуглас екі рет қақпаны дәл көздеп, командасына жеңіс әперді – 5:3.
Осылайша, Рикардо Каканың шәкірттері ел кубогін ұтып алды.
Ақпарат semeytany.kz пен inbusiness.kz сайттарынан алынды.