Футзал. Қазақстанның екі командасы 1/8 финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық “АФК ҚАЙРАТ” және ақтөбелік “МФК АҚТӨБЕ” футзал командалары қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп футзалдан чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. 

Сырт алаңда өткен кездесуде Қазақстанның қос командасы үшін оң нәтижемен аяқталды. Олар қарсылас қақпасына бес голдан соғып, жеңіске жетті.

Алғаш болып “Қайрат” командасы беларусиялық “ВитЭн” командасына қарсы ойын көрсетті. Алғашқы таймды 0-3 есебімен аяқтаған “Қайрат”, екінші таймда жанкүйерлерін қобалжытып 3 гол жіберіп алды. Дегенмен қаймықпай тағы екі гол соғып, 1/8 финалға жолдама алды.

Грекияда өткен ойында “Ақтөбе” командасы “АЕК” командасына қарсы ойын көрсетіп, 5-2 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді. Алғашқы таймда есеп 1:1 болып аяқталғанымен, “Ақтөбе” жігіттері афиналық командадан басым түсіп, 40 минут ойынды өз қолдарында ұстай білді.

 “Қайрат” пен “Ақтөбенің” келесі қарсыласы 20 қаңтарда өтетін жеребе қорытындысы бойынша анықталады. Турнирдің 1/8 финал ойындары 16-21 ақпан аралығында, бір реттік кездесу форматында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы