Футзал. Бұл матчты ұмытқым келеді – Тайнан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан әлем чемпионатының үшінші орыны үшін өткен матчтан кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қазақстан жұртынан кешірім сұраймын! Бұл матчты тезірек ұмытқым келеді! Ешқашан команданы қиындыққа қалдырғым келмеген. Бұдан да мықты болып ораламын. Уәде беремін! Кешіріңіздер, - деп жазды ұлттық құрама ойыншысы.

Айта кетейік, үшінші орын үшін өткен ойында Кака шәкірттері Бразилиямен матчта 2:4 есебімен жеңіліске ұшырап, әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы