Футболдан ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан УЕФА ұлттар лигасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Молдова құрамалары қарымта мачт өткізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуде қонақтар есеп ашты. 13-минутта Игорь Армаш мергендігімен көзге түсті және осы нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. 

Айта кетейік, Кишинев қаласында болған алғашқы мачта 2:1 есебі тіркелді. Яғни қос ойын қортындысы бойынша тараптар тең түсіп тұр. Сондықтан қосымша тағы 30 минут берілді. Бірақ мұнда да таблодағы есеп өзгермеді. 

Ал матч соңындағы пенальти сериясында жерлестердің жолы болды. Шешуші голды Георгий Жуков соқты. Осылайша, Андрей Карпович баптайтын жігіттер «С» тобындағы орнын сақтап қалды. Бұл топта бізден бөлек Беларусь, Словакия және Әзербайжан құрамалары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы