Бүгiн 2026, 15:05
Фото: instagram.com/fcdordoi/
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері қайтыс болды
Қазақстанда «Қайнар», «Жетісу» және «Астана» клубтарын басқарған.
Бүгін Қырғызстанның 77 жастағы белгілі жаттықтырушысы Борис Подкорытовтың қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 1990-шы жылдардың ортасында Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында қызмет еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Дордой» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қырғыз футболы орны толмас қазаға ұшырады. 78 жасқа қараған шағында белгілі футбол қайраткері, Қырғыз КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Петрович Подкорытов дүниеден өтті. Ол біздің клубымыздың қалыптасуына орасан зор үлес қосқан тұлға, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Борис Подкорытовтың есімі тек қырғыз футболымен ғана емес, сонымен қатар қазақстандық футболмен де тығыз байланысты.
Ол Қазақстанда «Қайнар», «Жетісу» және «Астана» клубтарын басқарған.
Сонымен қатар 1997-1998 жылдар аралығында Қазақстан құрамасында Серік Бердалиннің жаттықтырушылар штабының құрамында болған.