Бүгiн 2026, 07:34 Фото: "Ордабасы" футбол клубының баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына өткен клубтар анықталды

Ширек финал матчтары бір ойыннан тұрады. Ал жартылай финалда командалар екі матч өткізіп, жеңімпазды анықтайды.

Қазақстан футболы кубогінің 1/8 финал кезеңіндегі барлық матчтар аяқталып, келесі кезеңге өткен командалар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде 1/4 финалдың жұптары төмендегідей қалыптасты:

Ордабасы – Жетісу

Ақтөбе – Алтай

Қайсар – Тобыл

Жеңіс – Қызылжар

Айта кетейік, ширек финал матчтары бір ойыннан тұрады. Ал жартылай финалда командалар екі матч өткізіп, жеңімпазды анықтайды.

Қазақстан кубогінде ең көп жеңіске жеткен клуб – алматылық "Қайрат". Оның еншісінде 10 трофей бар. Ал астаналық "Астана" мен "Жеңіс", сондай-ақ қостанайлық "Тобыл" командалары 3 реттен жеңіске жеткен.

Өткен жылы турнир финалында "Тобыл" командасы жеңіске жетіп, "Қайсар Аренада" өткен матчта шымкенттік Ордабасы клубын сенімді түрде ұтқан болатын.