Футболдан кеткен есемізді футзалдан қайтардық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Беларусь құрамасымен кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті.

Бұл 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу аясындағы кезекті ойын. Минскіде өткен кездесуде Дәурен Нұрғожин (7-минутта), Дәурен Тұрсағұлов (17 және 36 минутта), Тайнан (22-минутта), Дуглас Жуниор (28-минутта), Лео (32-минутта) көзге түсті. Беларусь құрамасы бұл ойында бір доп соғуға шамасы жетті. Гол авторы – Матвеенко.

Сөйтіп, Беларусьтардан үлкен футболдан кеткен есемізден футзалдан қайтардық. Былтырғы жылы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы екі ойында да Беларусьтардан жеңілген. Клубтық деңгейде «Астана» Бресттің «Динамосынан» оңбай ұтылғаны бар. 

Қазақстан бұл іріктеуде бесінші топта өнер көрсетіп жатыр. Осының алдында елордада Беларусь құрамасынан 5:2 есебімен басым түскен. Өткен жылдың желтоқсан айында Венгрияны жеңген болатын. Енді 6 сәуірде Венгриямен сырта алаңда кездеседі. Ал Израильмен екі ойында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл матчтар 9 және 13 сәуірге жоспарланған. 

Алғаш рет Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі екі матчтан өткізіліп жатыр. Құрлық біріншілігіне 8 топтың жеңімпазы мен екінші орын алғандардың үздік алтауы жолдама алды. Ал қалған екеуі соңғы 15 жолдама өзара сарапқа салады. 

Еуропа чемпионаты Нидерландыда  (Амстердам және Гронинген) өтеді. 

Беларусь –  Қазақстан –  1:6

Голдар: Нұрғожин, 6 (0:1). Тұрсағұлов, 16 (0:2). Тайнан, 22 (0:3). Матвеенко, 23 (1:3). Дуглас, 28 (1:4). Лео, 32 (1:5). Тұрсағұлов, 37 (1:6). 

Беларусь: Чурилин, Змысля, Роговик, Гусаков, Крикун, Горбенко, Евдокимов, Матвеенко, Селюк, Козел, Лось, Чернейко, Батурин, Книга.

Қазақстан: Игита, Байдулла, Тайнан, Нұрғожин, Лео, Дуглас, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Тұрсағұлов, Досов, Оразов, Сарбасов.

Төрешілер: Владимир Кадыков, Иван Шабанов (екеуі де – Ресей), Ольга Паулитц, Михаил Прохоров (екеуі де - Беларусь).


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы