Футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Супер кубогы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой шағын футбол лигалары жүлдегерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Супер кубогы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Ұлт саулығы, халықтың қуатты болуы спортпен тікелей байланысты. Біз бұқаралық спортты дамытып, онымен шұғылданатын адамдардың санын арттырғанда ғана дені сау ұлт қалыптастыра аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деп аталған бағыттың мәні мен маңызы жайында айтып, нақты тапсырма берген болатын. Әрбір азамат өзін ұдайы дамытып, денесін шынықтырып, жігерін шыңдап отыруы үшін спортты жанына серік етуі тиіс. Сонда ғана біз салауатты өмір салтын күнделікті тіршілігіміздің бір бөлігіне айналдыра аламыз - деді ол.

Берік Уәли бұл кубоктың мақсатын түсіндірді.

Елімізде спорттың бұқаралық сипат алуына, азаматтардың дене тәрбиесіне әуестігін қолдауға өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен 15-16 мамыр күндері Әуесқой шағын футбол лигалары жүлдегерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Супер кубогын өткізбекшіміз. Турнир «Астана арена» стадионында өтеді - деді ол.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі, Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Супер кубоктың серіктестері – Қазақстан әуесқой футбол лигасы, BAQ лигасы.

Ақпараттық демеушілер – «Қазақстан» ТРК АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ.

Супер кубокқа мына командалар қатысады:

1. Biim League
2. STATUS BFL
3. STAHLBAU
4. «Есіл» СҮ
5. Азаматтарға арналған үкімет
6. Ішкі істер департаменті
7. Sputnik Astana
8. Абай
9. FC Qurman
10. ДИиК МО РК

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы