Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі өтті

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

26 қазанда А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасты.

Аталған турнирде С тобындағы Испанияның «Барселона» командасы сәтсіз ойын өткізді. Олар ширек финалға шығу мүмкіндігінен айрылды. Бес кездесуде небәрі бір мәрте жеңіске жетті. Бесінші турда испаниялық клуб өз алаңында Германияның «Бавария» клубына 0:3 есебімен жол берді.

D тобында ширек финалға берілетін екі жолдама тағдыры алтыншы турда шешіледі. Өйткені, одан төрт команданың да үміті бар.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше:

А тобы: «Наполи» (Италия) - «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) 3:0, «Аякс» (Нидерланды) - «Ливерпуль» (Англия) 0:3

В тобы: «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Байер» (Германия) 2:2, «Брюгге» (Бельгия) - «Порту» (Португалия) 0:4

С тобы: «Интер» (Италия) - «Виктория Пльзень» (Чехия) 4:0, «Барселона» (Испания) - «Бавария» (Германия) 0:3

D тобы: «Тотттенхэм Хотспурс» (Англия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1, «Айнтрахт» (Германия) - «Олимпик» (Франция) 2:1.

Енді алтыншы тур ойындары 1 және 2 қараша күндері өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы