4 Қыркүйек 2025 2025, 21:45
Фото: Скриншот
Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэльстен жеңілді
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Уэльске есе жіберді.
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Уэльске есе жіберді. "Астана Аренада" өткен матч 0:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойындағы жалғыз голды 24-минутта Уэльс шабуылшысы Киффер Мур соқты. Қазақстандық футболшылар бірнеше сәт жасағанымен, есепті теңестіре алмады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт ойында бір жеңіс, үш жеңіліспен турнир кестесінде қиын жағдайда қалды. J тобына Уэльс, Қазақстан, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македония кіреді.
Келесі кездесу 7 қыркүйекте Брюссельде өтеді, онда Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия құрамасына қарсы ойнайды.