Футболдан ӘЧ: Жапония мен Хорватия 1/8 финалда ойнайды

Бүгін Қатар елінің Эль-Вакра қаласында футболдан әлем чемпионаты-2022 финалының 1/8 матчы өтеді. Онда Жапония мен Хорватия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жапония – Хорватия матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат 21:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

5 желтоқсаннан 6 желтоқсанға қараған түні Дохада 2022 жылғы әлем чемпионаты финалының 1/8 матчы басталады. Онда Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездеседі.

Бразилия – Оңтүстік Корея матчының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен сағат 01:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы