11 Шілде 2026, 08:50
Фото: qazsport / telegram
Футболдан ӘЧ-2026: Соңғы тәуліктегі футбол матчтары
Кеше футбол жанкүйерлері 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы тартысты кездесудің куәсі болды.
Испания – Бельгия – 2:1
Испания құрамасы өте тартысты өткен ойында Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалдың жолдамасын иеленді. Испандар ойын барысында басымдық танытып, шешуші голды матчтың соңғы минуттарында соқты. Осылайша Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері әлем чемпионатының үздік төрт командасының қатарына қосылды.
Алда не күтіп тұр?
Бүгін әлем чемпионатының тағы екі ширек финалы өтеді:
Норвегия 🆚 Англия
Аргентина 🆚 Швейцария
Бұл кездесулердің жеңімпаздары жартылай финалда өзара кездесіп, финалға жолдаманы сарапқа салады.