Футбол: Ұлттық құрама Фарер аралдары командасымен кездеседі

18 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен жолдастық ойында кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы "Алдо Дросина" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін биылғы соңғы матч болмақ. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 15 қарашада Бельгия құрамасына қарсы үйдегі ойыннан үш күннен кейін өтеді.

Алдағы матч Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы төртінші ресми кездесу болмақ. Бұған дейінгі үш ойында Қазақстан құрамасы бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, бір мәрте жеңілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Алдыңғы жаңалық
Екі облыста жол жабылды
Өзгелердің жаңалығы