Футбол: Тихонов пен Тигранға жаза тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазанда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті деп хабарлайды aladop.kz.
Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:
Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының XXV туры «Қайрат» – «Астана»
- Көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Тигран Барсегян бір айға ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
- Команданың мінез-құлқы үшін және «Fair Play» қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес «Астана«» командасының бас бапкері Андрей Тихонов ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді.
Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы