Футбол стадионындағы кептелістен кем дегенде тоғыз адам қаза тапты

Сальвадор астанасындағы футбол стадионында ойынға келген жұрт кептеліп қалып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кускатлан стадионындағы матч кезінде Alianza мен FAS арасындағы матчты тамашалауға кірмек болған жанкүйерлер бір-бірін таптап өткен.

Елдің денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатқандығын, жаралылардың ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Alianza және FAS — елдегі ең танымал футбол командалары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы