Кеше 2026, 21:49
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футбол: Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы матч кейінге шегерілді
Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімі бойынша кездесу енді 9 маусымда өтеді.
Қазақстан мен Венгрия ұлттық құрамалары арасындағы маусым айына жоспарланған жолдастық матч Қазақстаннан Венгрияға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімі бойынша кездесу 9 маусым күні бұрын жоспарланған Түркістанда емес, Дебрецен қаласындағы "Надьердеи" стадионында өтеді.
Бұл туралы Sportarena жазды.
Осылайша, маусым айындағы халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан құрамасы екі сырт алаңдағы матч өткізеді: 6 маусымда команда Ереванда Арменияға қарсы ойнаса, 9 маусымда Дебреценде Венгриямен кездеседі.