Футбол: Қазақстан алғашқы голын салды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия кездесуінде алғашқы голын соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ойынды тамашалауға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.

Сонымен қатар мәртебелі меймандар қатарында Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де бар.

Дәл қазір ойынның алғашқы отыз минуты артта қалды. Алғашқы минуттан қазақстандық футболшылар шабуылға шықты. Нәтижесінде 27-минутта Максим Самородов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша әзірге Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы