2 Мамыр 2025 2025, 10:38
Фото: pixabay.com
Футбол матчы кезінде төрешілер мен жанкүйерлерге аралар шабуыл жасады
Үндістанда футбол матчы кезінде аралар төреші мен жанкүйерлерге шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үндістанда футбол матчы кезінде аралар төреші мен жанкүйерлерге шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Times Now News агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға суперкубок ширек финалы аясында өткен Mumbai City FC мен Inter Kashi командалары арасындағы матчтың 28-минутында болды. Ойын Одиша штатының Бхубанешвар қаласындағы стадионында өткен еді.
Ойын төрешінің аралардан қорғанып, алаң ортасына қарай жүгіріп кетуінен кейін тоқтатылды. Төрт минуттық үзілістен кейін матч қайта жалғасты. Алайда аралар тағы да оралып, бұл жолы тек төрешіге емес, жанкүйерлерге де шабуыл жасады.