Футбол: «Қайсардың» осал тұсын Огай біледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. Қатарынан бес ойында жеңіске жеткен «Қайсар» 12-турда Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» командасына есе жіберді.
«Қайсар» чемпионатта соңғы рет «Жетісдан» ұтылған. Бұл жолы тағы да Дмитрий Огай бұрынғы командасынан үш ұпай еншіледі. Жүлделі орыннан дәмелі «Қайсар» Талдықорған командасының қорғанысын бұза алмады. Сөйтіп, «Тобылды» алға жіберіп алды.Бұл ойында жеңіс голын 52-минутта Камо Оганесян соқты.
«Шынын айту керек, осы турда өте мықты қарсыласпен жолықтық. «Қайсар» қазір бабында. Қатарынан бес матчты жеңген. Сондықтан бүгін қиын болатынын түсіндік. Оның үстіне біздің командада кадрлық проблемалар бар. Бірақ жігіттер мінез танытты. Осындай қиын жағдайда үш ұпай еншілегенімізге қуаныштымын», – дейді «Жетісу» бапкері Дмитрий Огай.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0
Гол: Оганесян, 52 (1:0).
«Жетісу»: Шабанов, Алтынбеков (Жаксылықов, 86), Антипов (Хромцов, 76), Керімжанов, Мавутор, Наумов (к), Оганесян, Сапанов, Степанюк, Тапалов, Адамович.
«Қайсар: Григоренко, Байжанов (к) (Хайруллин, 63), Барсегян, Граф, Әмірсейітов, Гурман (Джон, 55), Ламанж, Марочкин, Нәрзілдаев, Пуношевац (Зенькович, 55), Тағыберген.
Бас төреші:Артем Кучин (Қарағанды).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы