Футбол. «Алтын доп» иегері анықталды
Испанияның «Реал Мадрид» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Салтанатты марапаттау рәсімі дүйсенбіде Париждегі «Шатле» театрында өтті. 34 жастағы Бензема алғаш рет «Алтын доп» иегері атанып отыр. 2021 жылы француздық Пари Сен-Жермен мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы рекордтық жетінші рет марапатқа ие болды.
Футболшы өткен маусымда Реал Мадридте барлығы 46 матч өткізіп, 44 гол соқты. 15 нәтижелі пас берді. Мадридтіктермен бірге ол Испания чемпионаты мен Суперкубогын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, барлық үш турнирде үздік бомбардир атанды. Ол Чемпиондар Лигасының үздік ойыншысы атанды (15 гол, оның 10-ы плей-офф кезеңінде) және тамыз айында Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының 2021/22 маусымының үздік ойыншысы болды.
Сондай-ақ салтанатты іс-шара барысында әйелдер арасындағы «Алтын допқа» испаниялық «Барселона» сапынан Алексия Путельяс лайықты деп танылды.
Ал Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Гави 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшы атанды.
Ал Лев Яшин атындағы «Үздік қақпашы» номинациясына «Реал Мадрид» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа ие болды.
Айта кетсек, Қазірге дейін Йохан Кройф, Мишель Платини, Марко ван Бастен, Криштиану Роналду, Лионель Месси секілді үздік ойыншылар мұндай мәртебеге үш рет ие болды. Ал марапатқа 2 рет қол жеткізген жұлдыздар қатарында Альфредо ди Стефано, Франц Беккенбауэр, Кевин Киган, Карл-Хайнц Румменигге, Роналдо бар.