31 Шілде 2024 2024, 04:10 Фото: -архив

Funny Sport: Елордалық Ботаникалық бақта "Кемпинг" ұйымдастырылады

Funny Sport жобасы аясында 4 тамызда елордадағы Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады. Іс-шара аясында таза ауада йога сабағы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Funny Sport жобасы аясында 4 тамызда елордадағы Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады. Іс-шара аясында таза ауада йога сабағы өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысушылар үшін әйгілі GetFit фитнес-студиясының кәсіби жаттықтырушысының жетекшілігімен ашық ауада йога сабақтары ұйымдастырылады.

Бағдарламада сонымен қатар талантты DJ және танымал Bonapart әртісі ерекше музыкалық қойылымдармен мерекенің сәнін келтіреді. Іс-шара 18:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.