Бақыт Сұлтанов фуд-корт сатушыларына кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ірі сауда орталықтарында тағам сататын кәсіпкерлерге кеңес берді.
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай кезінде қолданылатын шараларды бекітті.
Осы орайда Бақыт Сұлтанов ірі ойын-сауық орталықтарында жұмыс істейтін не басқа да мейрамханаларға дайын тағамды үйге дейін жеткізуді пайдаланып қалуға кеңес берді.
Қазір фуд-кортта тағам сатушылар үшін үлкен мүмкіндік болып тұр. Олар тағамды тұрғындардың үйіне дейін жеткізіп беріп, саудасын жалғастыра алады. Төтенше жағдай аяқталған соң, оларға клиенттерге сенімді имидж қалыптастыруға қолайлы болады, - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет үйіндегі онлайн-брифинг барысында.
Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызы сағат 9.00-ден бастап 30 күнге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен мүшелері еліміздің экономикалық жағдайын тұрақты ұстау үшін тиісті іс-шараларды анықтады.
Сондай-ақ, кеше ел президенті халыққа жолдаған үндеуінде кәсіпкерлерді қолдау үшін бюджеттен 300 млрд теңге бөлінгенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы