11 Қаңтар 2025 2025, 03:12
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз финалдық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, 104.52 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.
Екінші орынды қытайлық Юйхэн Ян (101.79) иеленсе, қола медаль тағы бір қытайлық спортшы – Чжичен Янге (94.82) бұйырды.