9 Қаңтар 2025 2025, 16:24
Фото: olympic.kz
Фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медаль жеңіп алды. Спортшылар финалға дейін жетіп, АҚШ-2 командасына есе жіберді. Үшінші орынды АҚШ-3 командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.