Фристайл-акробатика: Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы іріктеу қорытындысы бойынша фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген болатын.
Өкінішке қарай, финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ. Алғашқы мүмкіндігінде секіру элементтерін орындап, жерге түскенде құлап қалған болатын. Төрешілер 52.36 ұпай берді.
Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-і орынға табан тіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында техникалық мамандарға сұраныс жоғары
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы