Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарланды қалалық әкімдіктің сайтында.
Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
"Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды", - делінген хабарламада.
Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады.
Мектеп Сарыарқа даңғылы, 8а мекенжайында орналасқан "Park inn" by Radisson қонақ үйінде сағат 10:00-ден 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады.
Жобаны "Қазақстан Даму Ассоциациясы" ЗТБ іске асырып жатыр. Кіру тегін.
Қосымша сұрақтарға +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы жауап алуға болады.