Фрилансерлердің қызметін цифрландыратын электрондық сервис әзірленеді – Шәпкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты. 

Министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Шәпкенов атағандай, 3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылады.

Жаңа жұмыс орындарының құрылуы өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты түрде жаңарту арқылы мониторингіленеді. Аталған шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы