Нұр-Сұлтанда медициналық маскалар тегін таратылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық маскалар мен аскорбин қышқылын (С дәрумені) тегін тарату науқанын шымкенттік "Mega Pharma" ЖШС-нің медициналық бұйымдардың қазақстандық өндірушісі ұйымдастырды.

Кәсіпкер тұрғындарды коронавирустан қорғау үшін 50 мың бірреттік маска таратуды жоспарлап отыр.


Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Елубаеваның айтуынша, акция "Magnum" супермаркеттері желісінде өтті. Бір адамға бес маска, ал балаларға аскорбин қышқылы берілді. Жалпы, өндіруші тұрғындарды коронавирустан қорғау үшін 50 мың бірреттік маска таратуды жоспарлап отыр.



Естеріңізге сала кетейік, еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша жедел штаб жұмыс істеуде, онда олар карантин режимінде бизнесті жүргізуде туындаған барлық қиындықты шеше алады.


Жедел штаб күн сайын жұмыс істейді. Жауапты қызметкерлер палатаның кеңсесінде және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кезекшілік етеді, олар кәсіпкерлерден 91-90-80 телефоны немесе "Атамекен" ҰКП 1432 байланыс орталығы арқылы қоңырау қабылдайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы